Ермек Тұрсынов қазіргі комедия фильмдері туралы: Бұл кино емес, бұл - мазақ!

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Жетісу" арнасының "Қателік" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін қазақ кинолары көбейді, бірақ сапасы қандай? Қарап жатсаң, мәселен аттарына көз жүгіртейік. Мынадай кинолар түсіріліпті: "Не египте мне мозги", - деген кино шыққан, "Гламур для дур", - деген кино шықты, сіздерге бара жатқанда афиша ілініп тұр екен, "Аташка на хайпе", - деген кино шығыпты. Соны түсіретіндер кеше КВН-де, той бизнеске айналған шоу бизнес өкілдері. Кезінде бір ақылды адам айтушы еді "Қисық аяққа қызыл кебіс не керек?", - деп. Мен мәселен өлең айтқанды жақсы көремін, бірақ мен көпшіліктің алдында шығып өлең айтпаймын. Мыналар ештеңеден қорықпайды, кино түсіре береді. Бұны ауыз толтырып кино деп те айта алмайсың. Бұл кино емес, бұл басқа бір нәрсе, бұған басқа бір ат табу керек. Бұл кино емес, бұл мазақ. Олардың таратып жүргендері у. Бірақ олар өз-өздеріне айту керек қой, оларға біреу айту керек "Бұларың болмайды, қойыңдар", - деп. Бұлардың таратып жатқандары кәдімгі күлкі. 90 пайыз комедия дейді, бірақ бұл күлкі емес. Бұл жай ғана ыржың, ыржың. Мағынасыз, арзан күлкі деп айтуға болады", - деді Ермек Тұрсынов.

Естеріңізге сала кетейік, Ермек Тұрсынов сұхбаттарының бірінде Баян Алагөзова, Нұртас Адамбаев, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі сынды белгілі тұлғаларды қатаң сынға алған еді. Сол сынынан кейін Алагөзова Ермек Тұрсыновты "кішкентай мүше синдромы", - деген болатын.