Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Ернар алаяқтарға тап болды, сабыр сақтап өзінен жауап күтіңіздер дейді.
Ол өзінің инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жазба қалдырды.
"Қадірлі ағайын!
Соңғы күндері қазақтың талантты ұлдарының бірі, белгілі әнші Ернар Айдардың маңайында болып жатқан жағдайдан біршама хабардар шығарсыздар. Мен Ернармен хабарласып, мән-жайды анықтап білдім. Өзі сіздерге толық ақпарат берейін десе, телефоны бұғаттаулы, себебі қазір алаяқтар ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан, мен сіздерге болған жағдайды жеткізгелі отырмын. Бұл жағымсыз жағдайда алданған азаматтармен қатар Ернар бауырымыз да алаяқтардың құрбаны боп отыр. Бүгінгі таңда алаяқтар құрықталды. Ернар өз кезегінде тергеу жұмыстарының әділ жүргізілуіне жан-жақты ақпарат беріп, барынша көмектесіп жатыр. Қазақта “жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ” деген сөз бар. Өнер адамының аңқылдақ ақкөңілдігі кейде осындайда өзін жарға жығатыны да бар. Ол үшін сүйікті ұлдарыңызды қатты сөге көрмеңіздер. Өздеріңіз білесіздер, әнші ұлдарыңыз алдарыңызда талай өнер көрсетіп, қаншама қайырымдылық шаралардың бел ортасында жүрді. Әлі де сіздер үшін қызмет жасап, сахнадан көңілдеріңізді көтереді. Ернар тап болған бұл жағдайға түспес үшін, мен барша әріптестеріме мұндай жеңіл табысқа құмартпауын ескерткім келеді!
Осындай келеңсіз жағдайға түсіп қалған Ернар ініме сабыр тілеп, барша ағайынға Ораза айында кешірімді болуын сұраймын." -деді.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын ұтыс ойынын ойнатып жатқанда полицейлер кіріп келіп Ернар Айдарды ұстап алып кеткен болатын.