Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әншінің директоры Жазира Еркінге хабарлаған.
"Оның жағдайы жақсарды. Жүріп-тұра алады, әзірше қиындау. Шыққаннан кейін үйінде ем алады", - деді әншінің директоры.
Естеріңізге салсақ, Ернар Айдар сәуірдің 11-інен 12-сіне қараған түні жол апатына ұшыраған еді. Оқиға Шымкент-Алматы тас жолының бойында, Жамбыл облысындағы Луговой ауылының тұсында болған. Әншінің директорының айтуынша, жүргізуші қатты жауын-шашын салдарынан көлік тізгініне ие бола алмай қалыпты. Ол кезде Ернардың қасында жүргізушімен бірге ағасы да болған. Ішінде ең ауыр жараланған әншінің өзі 2 күнен кейін әрең есін жиды.