Ернар Айдар емделу үшін Корея еліне аттанбақ


Әнші әлеуметтік желісінде сол жол апатынан кейін алғаш аяққа тік тұрғанын айтып, халықтан сүйінші сұрады. Дегенмен денсаулығының әлі де толық қалыпқа келмегенін, алдағы уақытта шет елдерге барып, ем қабылдайтынын жеткізді. 

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.

“Қымбатты қазақ елі! Алланың қалауымен араға 1 ай уақыт салып бүгін міне өз күшіммен аяққа тұрып, тәй-тәй басқан жайым бар. Еліміздің медицинасына басымды ием, қысқа мерзімде сауығуға айтулы қадам бастырып отыр. Сіздердің маған тілеген дұғаларыңыздың қабыл болуы деп білем! Дегенмен алдағы уақытта жағдайымды одан да жақсарту мақсатында, көрші Қытай немесе Корея еліне сапарға шықпақ ойым бар. Рақмет сіздерге, менің тілекшілерім”, – дейді Ернар.