Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Ернар Айдар қызының есімін Айым деп қойды. Және Айымның кіндік әке-шешесі Мейрамбек Беспаев пен жары Мархаббат ханым болды.
Ол туралы Ернар мырза инстаграм желісінде жариялады.
"Көктем басып алғандай күздің орнын,
Шетіне шықпағасын ізгі жолдың
Айым туып оңымнан,көңілім тасып,
Уа, ағайын, сүйінші, қызды болдым!
Тоқтамай Тәңір берген сыйлар легі
Бұдан асқан көңілді күй бар ме еді?!
Кіндік шеше — Мархабат жеңешеміз,
Кіндік әке — қазақтың Мейрамбегі!..
Аллаға шексіз шүкір, барша құттықтап жатқан ағайынға мың алғыс.
Әр шаңырақта сәби үні іңгәләп, шаттық қуаныш болсын" - деп жазба қалдырды.
Сонымен қатар Қайрат Әділгерей қызының есімін Елігай деп атады.
Өнердегі әріптесітері, өмірдегі достары қыздарын перзентханадан той-думанмен шығарып алды.
Желідегі оқырмандары қос әншіге жүрек жарды лебіздерін білдіріп, тілектерін жазуда.