Ернар Айдардың үшінші қызы дүниеге келді

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

“Ассалаумағалейкум баршаңызға! Сүйінші, ардақты ағайын! Алланың қалауымен , қасиетті жұманың таңында тағы да әке атандым. Қызды болдым. Аллаға шексіз шүкір”, – делінген жазбада.

Әншінің өнердегі әріптестері мен оқырмандары оны бұл қуанышымен құттықтап жатыр.

Ернар Айдар 2017 жылы отбасын құрды. 2019 жылы әншінің тұңғыш қызы өмірге келді.


Loading...