Ал енді ұтысқа қойылған көліктердің жалға алынғандығы да әшкере болды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
2020 жылдың 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында құнды ұтыс сыйлықтарын - яғни 4 автокөлік (2 седан және 2 джип), Алматы қаласында бір бөлмелі пәтер және басқа да тұрмыстық техниканы ойнатпақ болып, жалған лотерея ойынын ұйымдастырған.
Алайда, жоғарыда көрсетілген құнды сыйлықтар болмаған. Олар лотерея ойынына қатысушыларды сендіру үшін 4 автокөлікті басқа жеке тұлғалардан жалға алғандығы анықталған.
Олар әлеуметтік желілерде жүргізген жарнама арқылы 9 900 теңге тұратын 20 000 данадан астам ойын билеті сатылған. Ұтыс ойынын ойнататын бағдарламаға, ұйымдастырушылармен алдын ала белгіленген ұтыс билеттері енгізілген.
«Қазіргі таңда, ҚР қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы) бірқатар азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп қосты департамент өкілдері.
Сонымен қатар заңсыз лотерея ойынын ұйымдастырушылар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР әкімшілік кодексінің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске салайық, бұған дейін ТЖ кезінде әлеуметтік желі арқылы ұтыс ұйымдастырған Ернар Айдарды полиция қолға түсіргені туралы айтқан болатынбыз.