Ернар Айдардың жеке концерті 19 мамырда өтетін болды

Ернардың шығармашылық кешіне билеттер түгелдей сатылып кеткен. Әнші өнерін бағалайтын жанкүйерлерінің түсіністікпен қарауын сұрап отыр. Ал 18 мамырда жуырда ғана бақилық болған Батырхан Шүкеновтің туған күні. Соған байланысты қала әкімдігі марқұмды еске алу кешін ұйымдастырмақ. Сондықтан Ернар Айдардың 3D форматында өтетін жаңа концерттік бағдарламасы келесі күнге ауыстырылған.

Ернар Айдар, әнші:

–Батырхан ағамызға деген құрметтен асып кете алмаймыз. Оны барша қазақ жұртшылығы сыйлайды. Сол себепті 19-ына ауыстырылды. 18-іне алған билетпен 19 күні концертке кіре берсе болады. 

Loading...