Көпшілік ол адамды Арыстан баб кесенесінен көргенін айтуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Ернінен сүйіп ұшықтау деген бар ма не?» ,- деп сұрақ қояды видеоны түсіріп тұрған адам. Алайда қашқалақтаған молда «бар» деп кетіп қалады.
- Ернінен қалай ұшықтайсыз оны?
- Жай ұшықтаймын ғой...
Мұндай жерде ондай тірлік жасауға болмайды ғой, түсіндіруге тырысады ашулы адам.
Видеоға қарағанда оқиға Арыстан баб кесенесінде болған сияқты. Себебі көне ғимараттың алды аталған жерге ұқсайды.
Видеоны көрген көпшілік: «Арыстан баб мазары ғой», «Масақара, имам, молдаларға сенуден қалдық қой», «Ернінен сүйгізіп ұшықтатып жүрген әйелдер де сау сиырдың боғы емес», «Дін істері агенттігі қайды?», «Арыстан бабқа экскурсияға жақында бардық, тура осы кісі видеоға түсірме, суретке де түсірмеңдер деген еді. Құран оқыды, ісіне сенбеиін десең алақ жұлақ кіреді, шығады, не әрекет мына тірлігі», деп жазды.
Loading...