"Ер-Сай Каспиан Контрактор" бірлескен кәсіпорны 2005-жылғы тамыз айының аяғында Қашаған жобасына арнап свайларды құрастыра бастайды

Оның айтуынша, келісім шеңберінде компания жалпы салмағы 14 мың тоннаны құрайтын 2 факел мен 60 свайды құрастырады. Әрбір свайдың ұзындығы - 80 м, диаметрі 2,4 метр, салмағы 350 тоннаны құрайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Теңіздегі және мұнайгаз жобалары" компанияларының тобы Италияның Saipem компаниясының тапсырысы бойынша Қашаған кенішінде пайдалануға арналан құрылыстық баржа-платформаны салады. Платформада салимағы 1600 тонна жүк көтеретін шынжыр табанды шығыран, свай жасайтын жабдықтар мен басқа да құралдар болмақ. Технологиялық және басқа да көмекші баржаларды орнықтыру үшін платформа алаңынан 6 метрге дейінгі тереңдікте свайлар тұрғызылады. Келісім-шартына сәйкес, платформа 2006-жылдың наурыз айында орнатылуы тиіс. Платформа Ресейдің теңіздегі кеме шаруашылығы регистрінң бақылуы астында салынатын болады.
"Ер-Сай Каспиан Контрактор"ЖШС-ін Бірлескен кәсіпорында 50 проценттік үлес иемденетін "ЕРС-холдинг" өнеркәсіптік инжинирингтік тобы мен Италияның ENI компаниясының салалық кәсіпорны - "Сайпем" компаниялары құрған. "Каспий верфі" жобасына сәйкес бетонмен оқшауланған құбырлар және металл конструкциялар өндіру зауыттары мен үлкен диаметрлі құбырларды монтаждау жөніндегі шеберхана салу көзделген. Компания жобаны жүзеге асыруға 100 млн. доллар жұмсауды межелеп отыр. Қазіргі жағдаймен 70 млн. доллар игерілді.
Каспий верфі Ақтаудан оңтүстікке қарай 65 шақырым жерде Каспий теңізіндегі Александр Бекович - Черкасский шығынағында орналасқан. Ол 65 гектар аумақты иемденеді. Причал салу және верфьті пайдалануға беру мерзімі 2006-жылғы наурыз айына межеленген.