Ерте ме, кеш пе, Украина еуразиялық интеграцияның артықшылығын түсінетін болады, деп санайды Лукашенко

"Бұл жолда біреулерді жоғалтып алдық, мен Кучма кезіндегі (КО, БЭК ЕЭО құруда – ИФ) Украинаны айтып отырмын, олар бізбен осы ауыр жұмысты бірігіп бастап еді. Өкінішке орай, жүк Украина үшін тым ауыр болып кетті", деді А.Лукашенко Астанада бейсенбіде.

"Бірақ ерте ме, кеш пе, Украина басшылығы бақытының қайда екендігін түсінер, деген сенімдемін", деді ол.

"Бұл ұзақ та қиын жолда Армения мен Қырғызстан сияқты достар мен бауырларымызды таптық. Осы уақыт ішінде бәрі де болды, бірақ біз тоқтамастан алға ілгерледік, болашаққа сендік", деді белорустік лидер.