Ертең Алматы маңында Ұлттық спорт түрлерінен ҚР ІІІ чемпионаты өтеді

«Бұл чемпионатқа 18 жасқа дейінгі жастар қатысады. Әзірге 10 команда белгілі болып отыр. Олардың ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысының командалары бар. Бір командада 15-17 жігіттен болады. 12 жігіт көкпарға, 3 жігіт аударыспаққа және тағы 2 жігіт теңге алу жарысына қатысады деп күтілуде. Командалар мен команда мүшелерінің нақты тізімі, салмақ дәрежелері және жүлделер қоры бүгін кешке қарай, мандаттық комиссияның отырысынан кейін белгілі болады» - деді өз сөзінде Алматы қаласы бойынша ат спортының бапкері Сәрсенбай Құлбаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан біріншілік Ұшқоңыр кенті маңындағы «Қазанат» атшабар алаңында өтеді.