Caravan Logo

Ертең Алматының бірқатар шағын аудандарында суық су беру тоқтатылады

Ертең Алматының бірқатар шағын аудандарында суық су беру тоқтатылады

Уақытша қолайсыздықтар жаңа су құбырын магистральды желіге жалғау жұмыстарына байланысты туындамақ.

«Таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейінгі аралықта 4-шағын аудандағы №1-8 үйлерге, 5-шағын аудандағы №1-39 үйлерге, №154 балабақшаға, «Знайка» жекеменшік бақшасына, 8-шағын аудандағы № 134, 37, 39, 41, 42, 45, 46, 55, 55-А, 56, 57, 58, 58-А, 72, 72-А, 74, 77, 76, 78, 78, 78-А, 83, №119 мектеп-лицейіне, №116 мектепке, №39 бөбекжайға, «Балдырған» бақшасына су беру уақытша тоқтатылады. Білім беру нысандарына су сырттан жеткізіледі.

Айта кету керек, бүгін де бірнеше апатты жағдайдың орын алуына байланысты Достық шағын ауданы, Сәдуақасов  Қарағанды - Қарғалы  Школьная көшелерінің шаршысындағы ондаған үй сусыз отыр. Апат кешкі 17:00-ге дейін қалпына келтіріледі.