Ертең Астанада шаңғы спортының «Бұрқасын-2011» дәстүрлі фестивалі өтеді

Фестиваль Есіл өзенінің үстінде (елорда саябағының қалалық жағажай аумағында) өтеді. Оның барасында спорттың әр түрінен жарыстар ұйымдастырылып, конькимен жүгіру спортынан көрсетілімдік қойылымдар ұсынылады.

Шараның мақсаты - Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі басымдықтарын жүзеге асыру, соның ішінде - бұқаралық спортты насихаттау, қысқы спорт түрлерін дамыту, қала халқының демалысын тиімді ұйымдастыру.

Фестивальді ұйымдастырушылар: Астана қаласының әкімдігі, «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру-дене шынықтыру клубы» МКҚК.

Жарыстарға кез-келген қала тұрғыны мен қала қонақтары қатыса алады.