Ертең Қанат Ислам шаршы алаңға шығады


Даңқты спортшы Эквадорда колумбиялық Эмелио Хулиомен рингке шығады. Хулио кәсіпқой бокста 41 кездесу өткізіп, 28 жекпе жекте жеңіп, 11 рет ұтылған. Ал 8 кездесуде тең түскен.

Қанат Ислам он төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Қанат бұл кездесуден кейін 14 желтоқсанда тағы да шаршы алаңға шығады. Ол кездегі қарсыласы әзірге белгісіз, деп хабарлады alaman.kz.