Ертең Қазақстан мен Румыния арасындағы ұлттық құрамалар футбол матчы өтеді


Осыған орай Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін жол қозғалысы тоқтатылады. Тыйым салу іс-шара аяқталғанға дейін созылады. Орынбор көшесімен жол айналу қозғалысы ұсынылады. Футбол матчы жанкүйерлеріне жиналу және жеткізу арнайы рейстармен бес пункттен келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі: «Қазақстан» СК көлік тұрағынан (Қажымұқан көшесі) «Хазрет Сұлтан» мешітінен (Қошқарбаева даңғылы) «Нұр Астана» мешітінен (шығыс жағының көлік тұрағы ) Қалалық цирк көлік тұрағынан (Қорғалжын шоссесі көлік тұрағы) Мұңайтпасов атындағы алаң көлік тұрағынан (Кенесары көшесі).