Ертең Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы XVI жазғы Азия ойындары басталады

Жалпы, Азия ойындарына Қазақстаннан барлығы 341 спортшы аттанған болатын. Команда құрамында 1 Олимпиада чемпионы, 7 Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионаттарының 7 чемпионы мен 11 жүлдегері және әр түрлі Азия чемпионаттарының 47 чемпионы мен 76 жүлдегері бар. Олардың қатарында ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері: Әсет Мәмбетов пен Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі), Арман Шілманов (таеквондо), Таймураз Тигиев (еркін күрес), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), соңғы 2 әлем чемпионатының жеңімпаздары: Серік Сәпиев (бокс), Светлана Подобедова, Майя Манеза (ауыр атлетика), соңғы әлем чемпиондары: Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика), Максим Раков (дзюдо), Дмитрий Карпов, Ольга Рыпакова (ауыр атлетика), Дмитрий Гааг (триатлон), Владислав Поляков (жүзу), Халид Халидов (каратэ-до), Дәрмен Садуақасов (шахмат), Ольга Довгун (нысана көздеу).

Қазақстан делегациясының 41,6% Алматы қаласы, 12,7% Оңтүстік-Қазақстан облысы, 7,2% Қарағанды облысы және 6,3% Астана қаласы, қалған 33% еліміздің басқа өңірлерінің спортшылары толықтырған.
Ел спортшылары бұл жарыстағы жалпы 476 жүлденің 51% құрайтын 245 данасы үшін бақ сынайтын болады. Ұлттық құрама осы жолғы ойындардан жалпы саны 25 алтын еншілеп, командалық 4 орынды иеленуді жоспарлап отыр.