"Ертеңіме сенемін" - Роза Рымбаеваның карантиндегі концерті

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Shownews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Екі ұл тәрбиелеп отырған ана үшін карантин күндері пайдаға жараған секілді. Жұмысбастылықтан отбасынан жиі жырақтайтын халық әртісі, соңғы уақытта бар көңілінін балаларына қарай бұрған.

“Біз бір үйдің ішінде, бір отбасыда тұрып, кейде бір-біріміздің түрімізді ұмытып кетеміз кейінгі кезде. Себебі барлығымыз жұмысбастымыз.Осы карантиннің арқасында мен екі ұлымды күні бойы құшақтап, беттерінен сүйіп, сүйген тамақтарын жасап отырмын”, – дейді Роза Қуанышқызы.

Халық әртісі онлайн кеште жаңа әннің тұсауын кесті.


“Біздің Қазақстанның өркендеуіне сенемін, біз бақытты елміз, біз берекелі, мерекелі елміз,осы қиыншылықтан ертерек құтыламыз деп мен сенемін. Мен ертеңіме сенемін, сіздерге де сондай сенім тілеймін” , – деп Роза Қуанышқызы сөзін аяқтады.