Ертіс арнасынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қайық станциясының маңынан, Ертіс өзенінің арнасынан 1,5 метр тереңдіктен жаңа туған қыздың өлі денесі табылған. Оқиға болған жерден сондай-ақ ақ жайма, бетон плиталардың бөлшектері, қайшы және көрпе табылған.

"Медициналық сараптама барысында, нәрестені суға батырардың алдында оны өлтіруге әрекет жасалған, жаңа туған нәрестенің мойнында, тамағы мен кеңірдегінің тамырларын жарақаттаған іздер анықталған",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні - тұрғылықты жері жоқ 36 жастағы әйелді ұстаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті