Ертіс-Баян өңірін 21 мыңнан астам киік жағалап жүр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары және «ПО Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорнының Баянауыл тірек пунктінің қызметкерлері Баянауыл, Май, Екібастұз, Ақсу аумақтарында ақбөкендер мен арқарларды қорғау бойынша бірлескен профилактикалық іс-шаралар жүргізді.

«Алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ. Өңірде 21 мыңнан астам ақбөкен кездесті», – деп хабарлады облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан.

Шаруа қожалықтары киіктердің егіс алқаптары мен жайылымға түсіп кетпеуі үшін үркіту амалдарын қолданатыны белгілі. Мамандар бұл ретте заңсыз шаралар қолданбау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Еске сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі киік санын реттеуге қатысты пікір білдірді