«Ертіс» футбол клубы болгар футболшысына айына 20 мың еуро төлейді


Жаңа легионер «Ертісте» биылғы жазда пайда болмақ. Павлодарлықтар қорғаушымен келісім-шартқа қол қояды, құжатта оның жартылай қорғаушылыққа қатысатыны да көзделген.

Сондай-ақ павлодарлықтардың жаңа ойыншысының еңбекақысы да белгілі болды. Sportal.bg  ақпараты бойынша, Старокин «Ертісте» айына 20 мың еуро алатын болады, «Левскиде» ол 4 мың еуроны ғана қанағат тұтқан болатын.