«Ертіс» футбол клубы жетекшілерін соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

«Қылмыстық іс «бұзақылық» бабы бойынша қозғалды», - деп дүйсенбі күні Павлодарда өткен баспасөз мәслихатында клубтың баспасөз хатшысы Мұхит Омаров мәлім етті.

Оның айтуынша, Б.Ысқақовқа операция жасалды. Қазір ол комада жатыр. Х.Ержанов тергеушілерге түсініктеме беріп жатыр.

Өткен жексенбіде бетін тұмшалаған белгісіз біреулер Б.Ысқақов пен Х.Ержановты аңдып тұрып, аяусыз соққыға жыққанын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.

Оқиға қазақстандық «Ертіс пен «Спартак» (Семей) командалырының арасындағы матчтан кейін болды. Ойында семейлік футболшылар жеңіліс тапқан болатын.