Қаржы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол өзі бір кезде жұмыс істеген спорт бөлімін тексерген қаржы полицейіне 6 мың доллар пара берген көрінеді.
Хабарламаға сүйенсек, Қ.Ержанов аталған мекемені 2012-2013 жылдары басқарған. Ал, 2014 жылдың ақпанында «Ертіс» футбол клубының директоры қызметі тағайындалған болатын.
«Ержанов кінәсін мойындады. Соған байланысты қылмыстық іс жеңілдетілген тәртіпте жүргізілген болатын. Қазір іс прокуратураға жөнелтілді. әрі қарай сотқа беріледі», - деп атап өтті баспасөз қызметі.