«Ертіс» футбол клубының жетекшілерін соққыға жыққандар құрықталды


«Жасы 28 бен 30 жас аралығындағы жігіттер облыс орталығында тұратын болып шықты. Олардың арасында осы шабуылды ұйымдастырған адам да бар», - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір олардың бәрі тергеу изоляторында отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, осыдан бір ай бұрын белгісіз біреулер Қ.Ержанов пен Б.Ысқақовты үйдің кіреберісінде соққыға жыққан болатын. Оқиға «Ертіс» пен семейлік «Спартак» командаларының арасындағы матчтан кейін болды. Додада семейлік команда деңіліс тапқан-ды.