«Ертіс меридианы» слеті Қазақстан мен Ресейден келген 17 туристік команданың басын қосты

Биыл Қазақстан мен Ресей шекаралары маңынан келген 17 туристік команда тауға шығу, кросс-жорықтар, байдаркамен есу және ең үздік авторлық ән орындау сайыстары бойынша жарысты.

Ауа-райының қолайсыздығы кедергі келтіргенімен, әрбір команда үздік болу үшін бар күшін салды.

Бірінші орынға ие болған Павлодар командасына жақсы дайындық пен тәжірибе көмектесті. Екінші орынды Астанадан келген спортшылар еншіледі.