Ертіс өзенінде бір адамның қаза болуына байланысты Павлодар облысында қауіпті маусымның басталуымен бірге барлық өзен өткелдері жабылды

"Ертіс өзені арқылы қысқы өткелдерді жабу туралы шешім бүгін (11 наурызда - агенттік ескертпесі) қабылданды", - деп атап көрсетті ведомстводағылар.

Мекеме өкілдері 8 наурыз күні қайғылы жағдай салдарынан 34 жастағы тракторшы суға батып кеткен. Төтенше оқиға Ертіс ауылының маңында болған.

Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, ер адам ДТ-75 маркалы тракторымен өткелдегі қарды тазалап жүріп, су астына кеткен. "Кабина суға толған. Ер адам сыртқа шығып үлгермеген болу керек. Содан ол қайтыс болды", - деді судан құтқару қызметкерлері. Ертіс ауданының құтқару бекетінің қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен мәйітті судан алып шыққан.

Судағы құтқару қызметі атап көрсеткендей, бұл биылғы жылдың басынан бергі Ертістегі адам өлімімен байланысты алғашқы оқиға. "Мұндай жағдайлардың алдын алуға байланысты және көктем мезгілі тууы себепті барлық 12 өткелді келесі қысқа дейін жабу ұйғарылды", - деп атап көрсетті ведомство өкілдері.