Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға Өскемендегі "Аблакетка" шағын ауданында болған. "Ертістің сол жағалауында "Шлюзная" аялдамасына қарама-қарсы жерде балалар жағалаудағы мұз үстінде ойнап жүрген. Олардың бірі - жеті жасар бала - мұз астына түсіп, батып кетті", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Баланың денесі судан құтқару қызметінің күшімен жағалауға шығарылды.