Ертіс өзеніне екі адам батып кетті

ТЖМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында 24 маусымда 11 сағат 55 минутта Ертіс өзеніне 18 жастағы бозбала батып кетті. Оны құтқарам деп жүріп 43 жастағы ер адам тағы суға батып кетті. Олардың мәйіттерін судан құтқару қызметтері іздестіріп жатыр.