Ертіс және Есіл өзендеріне үш адам суға кетті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Семейде Ертіс өзеніне 27 шілдеде сағат 20.00-де 41 жастағы ер адам батып кетті; Өскеменде Ертіс өзеніне 28 шілдеде сағат 14.40-та 16 жасар бозбала; Петропавловскіде Есілге 28 шілдеде сағат 10.00-де 27 жастағы әйел батып кетті.