"Ертісбаев – өтірікші": Салтанат Нүкенованың ағасы саясаткерден 24 сағатта кешірім сұрауын талап етті

Бұл туралы Айтбек Амангелді өзінің инстаграм парақшасында жазды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сіз үшін сенсация емес, бірақ Ертісбаев – өтірікші. Оның ютюбте жариялаған мәлімдемесін көрген шығарсыз. Ол маған қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Бұған дейін, саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Салтанат Нүкенованың ағасына қарсы қылмыстық іс қозғалғанын ютуб парақшасындағы видеода мәлімдеді.

«Өткен аптада Айтбекке қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», - деді Ермұхамет Ертісбаев.