«Ертістің» бұрынғы ойыншысы төрешіні ұрып, төбелес шығарды

Оқиға С Сериясындағы «Боа Эспорте» командасына қарсы матчта болған.

61-ші минутта Феррейра ойын ережесін бұзған соң, оған қызыл қағаз көрсетілді. Төреші Маркос Перейрадан мұндайды күтпеген қорғаушы жүгіріп барып бас қазыны итерді. Артынша жұдырықпен ұрайын дегенде командаластары арашалап қалды.