"Ертуған Зейнуллинов, Санжарәлі Бегалиев": Странджа турнирінде ел намысын қорғайтын боксшылар белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Кіші әлем чемпионаты" саналатын жарыста ел намысын қорғайтын боксшылар анықталды. Ұлттық құраманың спортшылары 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін халықаралық додада бақ сынайды. Қазақстан бокс федерациясы аталмыш турнирге қатысатын құрамды жариялады. Кейбір салмақ дәрежелерінде ұлттық құрамадан бірден үш спортшы медаль үшін сынға түспек.

Ерлер

50 келі
Даниал Сәбит
Бекзат Алдамжаров

55 келі
Тимур Қабдешов
Бағлан Кенжебек

60 келі
Бейбарыс Жексен
Руслан Күзеубаев

65 келі
Ертуған Зейнуллинов
Әбдікәрім Әбдіғалым
Илья Калинин

70 келі
Фарух Тоқтасынов
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

80 келі
Санжарәлі Бегалиев
Диас Молжігітов

85 келі
Сұлтанбек Айбарұлы
Бекзат Таңатар
Дәулет Төлемісов

90 келі
Нурмагамед Юсупов

+90 келі
Нұрлан Сапарбай
Даниал Сапарбай

Әйелдер

48 келі

Айгерім Сәттібаева
Анель Құдайберген

51 келі
Жазира Орақбаева
Анита Адишева

54 келі
Элина Базарова, Жайна Шекербекова
Анель Сақыш

57 келі
Ұлжан Сәрсенбек
Айдана Забынбекова

60 келі
Виктория Графеева
Римма Волосенко

65 келі
Лаура Есенкелді
Аружан Жаңабаева

70 келі
Бақыт Сейдіш
Мадина Нұршаева

75 келі
Валентина Хальзова
Мария Сидоренко

80 келі
Надежда Рябец

+80 келі
Дина Исламбекова
Валерия Аксенова

"Странджа" турнирі – 1949 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан, әуесқой бокстағы ең беделді жарыстардың бірі. Әйелдер арасында Валентина Хальзова Странджа турнирін 2 мәрте жеңген. Ал ерлер арасында Ертуған Зейнуллинов 2 рет қатарынан чемпион атануға мүмкіндігі бар.