Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2025 жылғы 13 қазанда ҚР СІМ бірінші орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа қызметке Ержан Ашықбаев келді.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды",- делінген құжатта.
Ержан Ашықбаев:
1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы.