Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында жас дарынның анасы Гүлмира Әлібек мәлім етті.
«Ержан бұл шараға қатысады. Осыдан басқа ештеңе айта алмаймын», - деді Г. Әлібек Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Жақында Е. Максим қатысқан «Голос.Дети» байқауының нәтижесі жоққа шығарылды. Айта кетейік, кибершабуылдардың алдын алуға және күрделі сандық тергеулерді жүргізуге маманданған Group-IB компаниясы Алсудың қызының пайдасына жаппай SMS жіберілгенін анықтады. Еске салсақ, 11 жастағы оралдық өнерпаз Ержан Максим аталмыш конкурста Валерий Меладзенің командасында өнер көрсетіп, екінші орын иеленген болатын.