Ержан Максим Игорь Крутойдың академиясында ақылы түрде білім алады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтып берді. Ол халықаралық деңгейде білім алу үшін біраз қаражаттың қажет екенін хабарлаған. Қазіргі таңда Алтай Көлгінов Ержан Максимге қолдау көрсететін демеушілерді ұйымдастырып жатқанын жеткізді.

"Әрине бәріңізге белгілі ондай дәрежеде оқу үшін шығын шығады. Демеушілер арқылы көмектесетін шығармыз. Бұл жұмыстарды бастап кеттік. Оның мүмкіндіктері мен табиғи дарынын шыңдай түсу керек. Өйткені таланты бар. Нақты бағасын айта алмаймын. Мен сметаны көрген жоқпын. Бірақ, көмектесуге өтініш түсті", - дейді Алтай Көлгінов.

Қазіргі таңда еліміздің Рессейдегі елшілігінен ұсыныс түсіп, Ержан Максимге қолдау көрсетуін өтінген. Әкім жас талантқа барынша көмектесетінін айтып берді.


"Ержанға көмектесу туралы Қазақстанның Рессейдегі елшілігінен өтініш келіп түсті. Ол біздің мақтанышымыз. Біз оған қолдау көрсетеміз", - дейді Алтай Көлгінов.