Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасы хабарлайды.
Отандасымыз конкурста екінші орынды иемденгенімен, қазылар алақсының тарапынан «бірінші болуға лайықсың» деген сөздерді жиі естігенін жасырмайды.
Ержан Максим, «Junior Eurovision-2019» бақауының екінші орын иегері:
-Енді шынымды айтсам, көбісі болды. «Junior Evrovision» байқауында әрбір елден келген балалар айтты және де көбісі айтты шынымды айтсам.
Алайда, Ержан үшін еліміздің президентінен құттықтау есту күтпеген жағдай болғандай.
Ержан Максим, «Junior Eurovision-2019» бақауының екінші орын иегері:
-Өзіміздің Қасымжомарт Тоқаев елбасымыз құттықтағанына қуандым көргеннен кейін. Және де... енді шынымды айтсам өте қуандым.
Конкурстан жүлделі оралған Ержан, ары қарай шығармашалығына шыңдап кіріспек. Тіпті, жас әнші өзі өнер көрсеткен Польша елінде де концерт бермек ниетте.
Гүлмира Әлібек, Ержан Максимның анасы:
-Польша мемлекетіндегі біздің елшімізден ұсыныс түскен болатын. Осылай концерт берсек қалай болады деп. Сондықтан ойлаймын, жоспарымызға енгізсек па деп. Бұйыртса бәлкім наурыз айында сол мемлекетте концертін берсек па деп ойлап отырмыз.
Еске салсақ, Ержан Максим дәл қазіргі уақытта композитор Игорь Крутойдың муызкалы академиясында білім алып жатқан жайы бар. Жас өнерпаз түбегейлі Ресейге қоныс аудармақ па? Бұған қатысты әншінің анасының берер жауабы мынау.
Гүлмира Әлібек, Ержан Максимның анасы:
-Негізі бес жыл оқуымыз керек, Ресейдеміз. Енді бара келе көрерміз енді.