«Қамалғаннан кейін ештеңе түсінбей қалдым. Болып жатқан оқиға басқа сыймайтын еді. Сөзіме ешкім сенген жоқ. Мен күйзеліске түстім, бір пәле жақындап қалғандай күй кештім. Өз-өзіме жала жаптым, неліктен олай істегенімді қазір түсіндіре де алмаймын», - деді Е.Өтембаев дүйсенбідегі сот процесінде.
Таңертең ол Рүстем Ибрагимовтан оппозиционерді «бір сілкіп алуды» сұрағанын айтқан болатын. Е.Өтембаев жарияланған мақалалардың бірінде өзі жайлы теріс пікір білдірген оппозиционерге ренжіген көрінеді.