Е. Қазыханов 1964 жылы Алматы қаласында туған. Ленинград мемлекеттік университетін шығыстанушы-тарихшы мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылдан 2000 жылға дейін ҚР-ның БҰҰ-дағы өкілінің кеңесшісі, сонымен бірге, ҚР-ның Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінде болған. 2000 жылдан - ҚР СІМ көп тарапты ынтымақтастық департаментінің директоры, ҚР-ның UNESCO істері бойынша Ұлттық комиссияның бас хатшысы, ал 2007 жылдың ақпан айынан бері сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.