Қола үшін талас қос балуан үшін оңай тиген жоқ. Ержанның басымдығы о баста-ақ білінгенімен, Серік барын салып бақты. Бір жамбас әдіспен ұпай алып, бүк ұпаймен алға шыққан Ержан есесін бермеді. Тартысты белдесудің қорытындысы бойынша Ержан Шынкеев «Әлем барысының» қола жүлдегері атанды.
Айта кетерлігі, алтын белдікке ие болған балуанға 15 миллион теңге, күміс белдік иегеріне 5 миллион теңге, қола белдік алғанға 3 миллион теңге беріледі.
Еске сала кетсек, «Әлем барысы» додасының финалында Айбек Нұғымаров грузиялық балуан Гурам Тушишвилимен кездесетін болды. Гурам жартылай финалда Ержан Шынкеевты сүріндірген еді. Ал Айбек өз кезегінде Моңғолия балуаны Серік Бердімұраттан басым түскен болатын.