Германияның Дюссельдорф қаласында өткен дзюдо күресінен Гран-при турнирінде жерлесіміз Ержан Шынкеев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ержан Германия жерінде алдымен бразилиялық Руан Искуэрдоны иппонмен, грузиялық Адам Окруашвилиді вазари әдісімен жеңді. Бірақ жартылай финалға шығатын тұста Хисаёши Харасаведен ұтылып қалды. Кейіннен жапондық чемпион атанды.
Осыдан кейін жерлесіміз қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Жұбаныш белдесуде украиналық Яков Хаммоны иппонға түсірді. Ал қола жүлде үшін сайыста Олимпиада чемпионы чехиялық Лукаш Крпалекті вазаримен ұтып, қола медалді жеңіп алды.
Айта кетейік, Лукаш Крпалек Рио Олимпиадасында Максим Раковтан басым түскен болатын.