Майраш Тайкенова, ҚР Білім және ғылым министрінің PR кеңесшісі:
- Бұл жүйе бойынша ата-ана және оқушы өзіне ұнайтын мектепті таңдай алады. Яғни мектеп бюджеті оқушылардың санына байланысты болады. Осы жүйемен Мәскеудің білім ошақтары жұмыс істеп келеді. Тәжірибе бойынша мектеп директорлары менеджер секілді қызмет атқарады. Оның үстіне әкімшілік қызметкерлері азайып, ұстаздар қатары ұлғаятын болады.
Татьяна Крылова, мектеп директоры:
- Негізгі оқулықтың болғаны өте жақсы деп ойлаймын. Оның үстіне әрбір оқулықтың балама түрі болады. Қазіргі қолданыстағы кітаптарды да оқуға мүмкіндік бар. Бұл жүйе сапаға зор ықпал етеді деген сенімдемін.