"Есеп-қисабына араласпаймын": Дәулет Мұқаев "Dauletten" қайырымдылық қоры туралы

Желіде тараған видеода депутат қордың бухгалтериялық есеп-қисабына араласпайтынын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазіргі норма бойынша қайырымдылық қорлар есеп көрсету керек. Бірақ, олардың барлығы есеп бере бермейді. Өзіміздің Dauletten қорына келетін болсақ, мен ол жерде тек кеңес мүшесімін. Қорда қызмет ететін балаларға адал қызмет етіңдер, менен қорықпасаңдар да Құдайдан қорқыңдар деп айтып отырамын. Бірақ, олар да барынша арнайы есебін жасап, өзіміздің сайтқа салып отырады. Шыны керек, есеп-қисаптарына араласпаймын, ол бухгалтердің жұмысы деп санаймын", - дейді депутат.