Атап айтсақ, О.Өксікбаевтың мәліметі бойынша, "Астанаэнергосервис" ЖШС қосалқы станцияны салу барысында келісім-шартының талаптарын толық орындамаған. Біріншіден, қосалқы станция келісім-шартында көрсетілген мерзімде пайдалануға берілмеген, екіншіден, құрылыс жұмыстары барысында ескі материалдарды пайдалану салдарынан нысан жобалық-сметалық құжаттарға арқау болған стандартқа сай болмай шыққан. Бұл өз кезегінде құрылыс технологиясын бұзуға, нысанды деп кезінде пайдалануға бермеуге және бюджет қаржысын негізсіз пайдалануға апарып соқты. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астана әуежайын жаңалау жобасы халықаралық қаржылық ұйымдардың несиесін тарту есебінен қаржыландыру жөніндегі басымдық берілген инвестициялық жобалардың тізіміне енгізілді. Жобаны қаржыландыруға Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі құлшыныс танытты. Бұл банктен 22,122 млрд. жапон йенасы көлемінде несие алынған. ҚР үкіметінің шешіміне сәйкес, бұл жоба бойынша атқарушы агенттік рлін "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ, ал бақылаушы ролін ҚР көлік және коммуникация министрлігі атқаруға тиіс болған. Сонымен бірге, тартылған несиенің 20 процентін ЖАҚ-ына қарызға беруге, ал қалған 80 процентін қайтарымсыз беруге шешім қабылданды.