Баспасөз хабарламасында "Көлік және коммуникация министрлігі мен оның комитеттері және басқада қарамағындағы бөлімшелері 7,9 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаражатын мақсатсыз, 221,1 млн.теңгені тиімсіз, 111,0 млн.теңгені негізсіз жұмсаған, бюджет есебін жүргізу тәртібін бұзған, есеп жасау және ұсыну барысында 0,2 млн.теңге жұмсалған",-деп көрсетілген.
Оған қоса, аталған министрлік 2005 жылы 658,4 млн. теңгені толық игермеген.
Көлік бақылау және көлік инфрақұрылымдарын дамыту комитеті мен оның бөлімшелерінде 2005-2006 жылдары заң бұзушылықтармен қаржылай көмек берілген және 2,8 млн.теңге көлемінде басқада мақсатсыз шығындар жасалған.
Сонымен қатар Есеп комитеті, 2005-2006 жылдар аралығында жол қатынасы комитетінің қызметкерлері тиісті құжаттарды рәсімдемей іссапарға шыққанын анықтады. Бөлінген қаражаттар азаматтық авиация комитеті мамандарын оқытуға жұмсалмаған.
Құжатта, "министрлік акционерлік қоғамдардың өз уақытында мемлекеттік акция кірісі үлесін есептеп, аударуын қадағаламаған", делінген. Атап айтқанда, "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ және "ҚазАвтоТранс" АҚ республикалық бюджетке мемлекеттік акцияға 35,3 млн. теңге көлемінде бөлінген үлесін аудармаған.
Тексеру барысында, республикалық бюджет бағдарламалары төлқұжатын, бюджет тапсырыстарын және бюджет бағдарламасын қаржыландыру жоспарын, сондай-ақ, әуе тасымалы мен еңбек ақысын өтеуді қаржыландыруы бағдарламасын орындау барысында заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.
Осыған байланысты, баспасөз хабарламасында " Есеп комитеті үкіметке және көлік және коммуникация министрлігіне "анықталған олқылықтарды жою шараларын қолға алуды, ал ол кемшіліктерге жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды",- ұсынды делінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті