"Есеп комитеті статистика жөніндегі агенттікке мемлекеттік статистиканы жетілдіруге, статистикалық есеп көрсеткіштерін өңдеу сапасын жақсарту мен статитикалық мәліметтерді таратуға бөлінген бюджет қаржысын пайдалану тиімділігін арттыру шараларының жобасын жасауды нұсқайды", -делінген бүгін таратылған хабарламада.
Агенттік тарапынан ауылшаруашылығындағы санақ мәліметтерін өңдеуді дер кезінде аяқтамау салдарынан агроөнеркәсіптік кешен дамуының маңызды көрсеткіштерін қамтитын "Ауыл, орман және балық шаруашылығы", "Қазақстан өңірлері", "Қазақстан сан тілімен" жинақтары 2007 жылы жарық көрмей қалды. Бұл мақсатқа 5,4 млн теңге қарастырылған болатын.
Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, "статитикалық мәліметтерді өңдеу саласында да заң бұзушылықтар анықталған. Жұмыс істеп тұрған және істемейтін кәсіпорындардың мәселесі шешілмеген. Шағын бизнес және жеке кәсіпкерлер жөніндегі статистикалық ақпаратты дайындауда біршама кемшіліктер байқалуда".
Есеп комитетінің бағалауынша, Статистика жөніндегі агенттік статитикалық есеп беру формаларын жетілдіру мен модернизациялау жұмыстатын тиісті деңгейде жүргізбей отыр.
Тексеру барысында қаржылық заң бұзушылықтар да анықталған. "Мәселен, агенттіктің Алматыда босатқан қызмет ғимаратын тиімді пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілмеген. Бұл ғимарат 2007 жылдың 1 маусымында ҚР ІІМ-іне Орталық Азия аймақтық есірткілік заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жөніндегі ақпараттық -үйлестіру орталығын орналастыруға өткеріп берілген. Агенттік аталған қызмет орындарын ұстауға 1,6 млн теңге шығын шығарған", - делінген баспасөз баянында.
Бұған қоса, "Алматыдан Астанаға қоныс аударған мемлпекеттік қызметкерлер үшін пәтерлер сатып алу барысында агенттік "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 75-ші бабында қарастырылған алаңға қатысты нормативтерді сақтамаған немесе асырып жіберген. Соның салдарынан 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен 1,2 млрд теңге көлемінде дебиторлық қарыз пайда болған. Орташа айлық жалақыны дұрыс естептемеу салдарынан агенттіктің жеті қызметкері мен олардың отбасы мүшелеріне 1,2 млн теңге өтемақы артық төленген, сондай-ақ, қоныс аударатындардың тізіміне енбеген екі қызметкерге 1,4 млн теңге көлемінде өтемақы негізсіз төленген", - делінген баспасөз баянында.