"Жоғарыда аталған жайттардың салдарынан орынсыздығы мен өзексіздігіне байланысты көптеген ғылыми тақырыптар түрлі аяқталу сатыларында жабылған, ал жекелеген жобалар тәжірибе жүзінде қолданылмайды",- делінген баспасөз баянында. Сонымен бірге қорғаныс министрлігінің "әкімшілік-басқару сипатындағы бірқатар функцияларды, соның ішінде қаржылық функцияларды да өз қарамағындағы әскери бөлімшелердің қамтамасыздығына арналған қаржыдан қаржыландырылатын мекемелерге ешбір негізсіз өткеріп бергені" белгілі болды.
Есеп комитетінің мәліметіне сәйкес, министрлікте жалпымемлекеттік, салалық геоақпараттық жүйелерді құрудың мемлекеттік біртұтас тұжырымдамасы жоқ болып шықты. "Ақпараттық жүйені құруға арнап бөлінген бюджет қаржысын игеруде мемлекеттік құпиялар туралы заңнама бұзылған". Сондай-ақ, бағдарламалық өнімдердің техникалық құжаттарына сараптама жүргізуге арнаулы квалификациясы жоқ бола тұра, "Мемлекеттік сараптама" РМК ҚР Қарлы Күштерінің автоматтандырылған басқару жүйесінің жобасына сараптамалық тұжырым жасап берген.
Осыған байланысты ҚР қорғаныс министрлігіне беті ашылған кемшіліктер мен заң бұзушылық оқиғаларын жою, бюджет заңнамасын бұзуға жол берген лауазым иелерін жауапкершілікке тарту туралы нұсқау берілді.