Есеп комитетінің бұрынғы төрағасы Аслан Мусин Хорватиядағы елші қызметіне тағайындалды


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

А.Мусин қаңтар айының орта шенінде қызметтен босатылған болатын. Оның орнына Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметін атқарған Қозы-Көрпеш Жаңбыршин тағайындалды.