«Сырқат» деп танылған еркектердің өздерімен сөйлесу, әрине, мүмкін болмады. Олардың аты-жөндері аталған жоқ. Бірақ осындай былыққа жол бергені үшін ақ халаттылардың өздері қазір прокурорлардың қаһарына іліккен. Олардың ойынша, бұл жерде бір кілтипан бар. Дәрігерге мүлдем қаралмағандарды тізімге енгізген медицина қызметкерлері олардың әрқайсысы үшін мемлекеттен 3 мың теңгеден ақша алған. Осы ақшаны көбейткісі келген шығар, ақ халаттылар қызды-қыздымен тізімге еркектердің де аты-жөнін жазып, аурушаң қылып қойыпты.