Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында арызданушымен байланысы жоғын мәлімдеді.
-Бұл лас әңгіме мені әбден шаршатты. Арызданушымен интимдік қатынас былай тұрсын, ешқандай қарым-қатынасым болған жоқ, нүкте, - деп жазды.
Айта кетейік, танымал боксшының үстінен арыз түскен болатын. Әнару Қалдыбекқызы есімді ару «Жанқош Тұраров зорлады» деп шағымданып, сұхбат берді. Ол боксшымен алты жылдан бері таныс екенін де айтқан.