"Ешкімнің сен туралы айтқан сөзіне сенбе": Әнші Айдана Меденова бала күнінен буллингке ұшырағанын мәлімдеді

Айтуынша, оның бойындағы өнерге алғашынде ешкім сенбеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші бала күнінен буллинг көргенін жасырмады. Айтуынша, оның өнеріне бастапқыда ешкім сенбеген. Ол, тіпті сыртқы келбетіне де қатысты буллинг көрген.

Десе де, қиындықтарға қарамастан, бүгінде ол өнерде өз орнын тапқанын жеткізген.

"Ешкімнің сен туралы айтқан сөзіне сеніп, өзіңнен алыстама. Бір күні ішіңдегі кішкентай балаға қайта оралып, оны құшақтап, қабылдайтын адам - өзің бол", - деп жазды ол.

Айта кетейік, әнші жақында хиджабын шешкенін мәлімдеген еді.